Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы
администратор

Бас дирижеры: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің кавалері Бейімбет Кеңесбайұлы Демеуов
Бүкілодақтық байқаулардың лауреаты Мемлекеттік хор капелласы 1935 жылы филармонияның құрамына кірді, ол алғашында композитор Дмитрий Мацуцин бастаған шағын аралас хорды ұсынды, ал 1936 жылы Мәскеуде хор қазақ өнерінің онкүндігін сәтті аяқтады.
1939 жылы ақпанда Қазақ КСР Үкіметінің қаулысымен филармония хоры Мемлекеттік хор капелласына айналды.
Хорды құру кезінде оны Борис Лебедев, Латиф Хамиди, Борис Орлов, Бақытжан Байқадамов, Галина Виноградова басқарса, 1959-1991 жылдары хорды КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Анатолий Васильевич Молодов басқарды. Бүгінде капелланың көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов.
Қазір капелланың репертуарында халық әндері мен күйлерінің хор өңдеулері, орыс және шетел классиктерінің көрнекті шығармаларының сюиталары, поэмалары, кантаталары мен ораториялары, Қазақстанның композиторлары – М. Төлебаев, Е. Рахмадиев, Ғ. Жұбанова, М. Сағатова, С. Мұхамеджанов, Қ.Қожамияров, М. Маңғытаев, Ж. Тұрсынбаев, Б. Байқадамовтың үлкен формадағы шығармалары бар. Капелланың құрамында Ақжан Абжанова (Мәдениет қайраткері), Зайра Есенова (Мәдениет қайраткері), Ирина Беликова (Мәдениет қайраткері), Марат Мұсабаев (Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі), Қайырлы Ислямов (Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі), Шайза Манатбекова (Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі) еңбек еткен. Капелла Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі гастрольдік сапарларды сәтті өткізді.