Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының әкімшілігі мен  шығармашылық ұжымдары бірлесіп Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы – ортақ үйіміз», «Алматы – таза қала» бастамасын қолдап, сенбілік өткізді. Ғимарат аумағы тазаланып, ағаш діңдерін әктеп, жаяу жүргіншілер жолын сыпырып, көгал шөптерін септі.

Төтенше жағдайлардың алдын алу түсіндірме жұмыстары өткізілді

Бүгінгі таңда төтенше жағдайлар, соның ішінде табиғи апаттар қаупі қоғамды алаңдатып отырған басты мәселелердің бірі. Осы жағдайды айрықша назарға ала отырып, алдын алу мақсатында 22 ақпан күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында қызметкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдайлар жөніндегі сала маманы Серік Карановтың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік шаралары пысықталды. Тасқын мен селге […]