СҮЙІНШІ

КАПЕЛЛАНЫҢ ӘРТІСІ ХАЛИД ОРЫНҚҰЛДЫ «SHYMKENT SAZY» 1-РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭСТРАДА ӘНШІЛЕР КОНКУРСЫНДА 3-ОРЫН ЛАУРЕАТ АТАНУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Жүректерге жарық сыйлаған байқау

Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Н.Тілендиев атындағы камералық залында «Мен сені сүйем, Өмір!» атты зағип және нашар көретін жандар арасында қалалық ән байқауы өтті. Бұл өнер додасы ғаламға жүрек нұрымен қарайтын өнерпаздардың талап-талантын айшықтап, көрерменге шынайы эмоция мен жылылық сыйлады. Шараны Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен «Қазақ зағиптар қоғамы» […]
Алматы ұлттық өнердің әуезіне тербелді

Бүгін еліміздің басты мерекесі Тәуелсіздік күні қарсаңында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының үлкен залында «Сазды аспаптармен, Дәстүрлі ән кеші» деген атаумен концерт өтті. Кеш көркін «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі кіргізді. Ұжымның көркемдік жетекшісі — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Бағдат Тілегенов. Аталмыш концертте еліміздегі дәстүрлі өнердің майталмандары өнер көрсетті. Концерт барысында сахна […]