«ХХ25» ФЕСТИВАЛІНІҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ

Бүгін филармонияның 90 жылдығы аясында Төлепберген Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің «ХХ-25» атты фестивалінің ашылу концерті өтті. Халыққа классикалық өнерді насихаттауды мақсат еткен филармонияда екінші рет өтіп жатқан фестивальдің мақсаты — ХХ ғасырдағы және заманауи композиторлардың симфониялық шығармаларын жарыққа шығару, өткен ғасырда туған идеялардың бүгінгі күнмен үндесуін паш ету. Биылғы фестивальдің басты мақсаты […]
ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтайды! Бұл мейрам – бауырмалдық пен мейірімділікке, рухани тазалық пен сабырға үндейтін ұлы күн. Жасаған дұға-тілектеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!