Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар басталды

Бүгін Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Халық қаһарманы, көрнекті композитор, күйші, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Әлқисса-Нұрғиса» атты мерейтойлық концерттің салтанатты ашылуы өтті. Бұл концерт композитордың 100 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар бағдарламасының бастамасы болды. Кеште ұлы тұлғаның құрметіне Мемлекет басшысының атынан гүл шоқтары табыс етілді. […]