ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Нұрғали Нүсіпжанов

ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, III дәрежелі «Барыс» орденінің иегері

Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Ұлттық сахна өнерінің көрнекті дара тұлғасы. Ұзақ жылдар бойы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының «Отырар сазы» оркестрінің солисті. Н. Нүсіпжанов – қазақ композиторлары әндерінің және көптеген вокалдық композицияларының алғашқы орындаушысы. Сахна өнерінің шебері Қазақстан өнерін шет елдерде – Швецияда, Финляндияда, Моңғолияда, Ауғанстанда, Йеменде, Анголада, Кипрде, Португалияда, Сирияда, Грецияда, Югославияда, Алжирде, Германияда, Түркияда, Польшада, Қытайда және т.б. танытты. Нұрғали Нүсіпжанов Қазақстанның өнер сахнасында үздіксіз 70 жыл қызмет етіп келеді.

Әлеуметтік желіде бөлісу