ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

«Гүл Алматы – 2026»: Хор өнерінің заманауи дамуы және V мерейтойлық фестивальдің ерекшеліктері

DSC09178

Құрметті БАҚ өкілдері!

2026 жылдың 30 сәуір күні сағат 14:00-де Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің (ӨКҚ) алаңында жыл сайынғы дәстүрлі «Гүл Алматы – 2026» V фестивалінің ашылуына арналған баспасөз брифингі өтеді.

Бесінші мәрте ұйымдастырылып жатқан фестиваль – еліміздегі хор өнерін жаңғыртуға және жас таланттардың кәсіби өсуіне бағытталған бірегей шара. Брифинг барысында спикерлер фестивальдің бағдарламасы, қатысушы ұжымдардың құрамы және отандық хор мектебінің бүгінгі жай-күйі мен болашағы туралы кеңінен ақпарат береді.

Брифинг спикерлері:

  • Нұрғиса Мұратұлы Дауешов – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының директоры;
  • Бейімбет Демеуов – Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • Гүлмира Құттыбадамова – Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы камералық хорының жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • Ян Рудковский – Құрманғазы атындағы ҚҰК хорының жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • Айнұр Уалиханқызы – А. Жұбанов атындағы РҚМММИ хор бөлімінің меңгерушісі

Биылғы фестиваль аясында балалар хорлары мен кәсіби ұжымдардың сахналық үндесуі, қазақ композиторларының жауһарлары мен Алматы туралы жаңа туындылардың орындалуы жоспарланған.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифинг залы.

Күні мен уақыты: 30 сәуір 2026 жыл, сағат 14:00-де

Барлық сұрақтар бойынша және тіркелу үшін Жамбыл атындағы филармонияның баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.

+ 7 701 471 70 96 Айымхан Сабырханқызы

Previous
Next
Әлеуметтік желіде бөлісу