ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Мемлекеттік қарағайлы-үрмелі аспаптар квинететі

Жанат Ерманов
көркемдік жетекшісі
1997
құрылған жылы

Құрамында: Жанат Ерманов (кларнет), Сұлужан Елубаева (флейта), Елазат Әжмағамбетов (гобой), Манарбек Сәбит (валторна), Бақдәулет Жолдыбек (фагот).

Қарағайлы үрмелі аспаптар квинтетін 1997 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, В.А. Моцарт атындағы Еуропалық музыка академиясының түлегі Жанат Ерманов құрған. Топтың сәтті концерттік қызметі жоғары бағаланып, 2004 жылы квинтет Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының құрамына енді. Квинтеттің әртістері республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары. Квинтет Азия континентіндегі алғашқы камералық ансамбль, Марсельде (Франция) өткен Анри Томаси халықаралық байқауына екі рет шақырылып, Париж, Берлин, Монако, Будапешт, Лион және т.б. елдерінде ансамбльдер арасында құрметті дипломға ие болды. Олар Франция, Англия, Австрия, Испания және Ресей елдері бойынша гастрольдік сапарларға шығып өнер көрсетті. Квинтеттің концерттік репертуары қызықты және алуан түрлі. Музыканттар өз тыңдаушыларына барокко музыкасынан бастап қазіргі заманғы шығармаларға дейін, әртүрлі дәуірлер мен стильдер шығармаларымен өнер көрсетіп жүр. Ж.Ермановтың транскрипцияларындағы қазақ халық музыкасының үлгілері үлкен қызығушылықпен қабылданады. Концерттерде Б. Баяхунов, А. Бестібаев, Б. Қыдырбек, Қ. Шілдебаев, Б. Аманжолов, Е.Андосов және басқа да көптеген композиторлардың шығармаларын жиі тыңдауға болады.

Әлеуметтік желіде бөлісу