ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ

Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы

Ырысбек Алхаров
администратор
Әсет Ахметов
хормейстер

Бас дирижеры: Бейімбет Демеуов Кеңесбайұлы (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері)

Республикаға еңбегі сіңген ұжым, Бүкілодақтық байқаудың лауреаты атанған Мемлекеттік хор капелласы филармония құрамына 1935 жылы енген. Алғашында кішігірім аралас хор болды да, оны композитор Дмитрий Мацуцин басқарды. 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақстанның Өнер онкүндігінде 300 адамдық хор табысы өнер көрсетті. Ал, 1939 жылы ақпан айында республика үкіметінің қаулысымен осы аталған хор ұжымы Қазақтың мемлекеттік хор капелласы болып қайта құрылды. Алғашқы кезеңде хор капелласына Борис Лебедев, Латиф хамиди, Борис Орлов, Бақытжан Байқадамов, Галина Виноградовалар жетекшілік етті. 1959 жылдан 1991 жылға дейін хор капелласын КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Анатолий Васильевич Молодов басқарды. Ал, қазіргі уақытта капелланың көркемдік жетекшісі және бас дирижеры болып, Республиканың еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов қызмет атқарады. Қазіргі таңда капелланың репертуарында хорға арналып және өңделіп түсірілген халық әндері мен күйлері бар, сондай-ақ шығармалардың ірі түрлері – сюита, поэма, кантата, және ораториялар енген. Орыс және шет ел класссиктерінің тамаша шығармалары, сонымен қатар Қазақстан композиторары – М.Төлебаев, Б.Байқадамов, Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, М.Сағатов, М.Мұхамеджанов, Қ.Қожамияров, М.Мыңтаев, Ж.Тұрсынбаевтардың шығармалары да репертуарда берік орын алған. Осындай шығармашылық-көркемдік әлеуеті бтік капелла ұжымын Қазақстанда ғана емес, шет елге де өнер сапарымен шығуға жол ашты.

Әлеуметтік желіде бөлісу