Тізімге оралу

Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің концерті

Большой зал

Оқиға туралы

Көркемдік жетекшісі және бас дирижері  — Қанат Омаров.

      Дирижер:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері — Ерболат Ахмедьяров.

Концертке қатысушылар: Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы.   Көркемдік жетекшісі және бас дирижері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері — Бейімбет Демеуов. Солистер: Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет»және «Парасат» ордендерініңі квалері, профессор — Гүлжамиля Қадырбекова, халықаралық байқаулардың лауреаттары — Еркебұлан Сапарбаев (скрипка), Майа Сепп (фортепиано), Ермек Құрманаев (виолончель).

Бағдарламада:

Л.В.Бетховен – Үштік концерт

Л.В.Бетховен — Фортепиано, хор және оркестрге арналған фантазия

И. Брамс – «Махаббат әуендері» (вальстер) екі фортепиано және хорға арналған ор. 52

  Қосымша ақпарат:

ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі 1958 жылы  филармонияның құрамына еніп, тыңдарман назарына симфониялық музыканың ең үздік үлгілерін ұсына білді. Оның ұйымдастырушысы, басшысы және алғашқы дирижері  Қазақ КСР – нің, Ресейдің, Татар АКСР-нің халық әртісі Фуат Шәкірұлы Мансуров болып, оның есімі осы ұжымның тарихына алтын әріппен жазылды. Ұзақ  уақыт аралығында ұжымды белгілі музыканттар – Виктор Яковлев, Илья Островский, Шамғон Қажығалиев, Ғазиз Дұғашев, Тимур Мыңбаев, Ренат Салауатов, Төлепберген Әбдірашевтер басқарды. Дирижерлық пультта Л.Гинзбург, А.Кац, К.Элиасберг, М.Плетнев, Й.Домаркас сынды атақты дирижерлер болды. Оркестрдің дамуы жолында олардың сіңірген еңбектері зор.  Ұжыммен шығармашылық қызметтес болған әйгілі орындаушылардың бәрін атау мүмкін емес, дегенмен кейбіреулерін атап өткен жөн болар: С.Рихтер, Л.Оборин, Н.Петров, В.Крайнев, Г.Кремер, М.Ростропович, Д.Шафран, Н.Шаховская, И.Архипова, В.Пьявко, В.Норейка, М.Биешу, Ю.Мазурок, Г.Аксельрод, А.Ведерников, Р.Керер, А.Гаврилов, Д.Шаповалов, М.Майский, Г.Муржа, Л.Тимофеева, Н.Труль және басқалары. Т.Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің Қазақстан композиторлардың жаңа туындыларын насихаттаудағы  рөлі ерекше екенін және оркестрдің композиторларымен шығармашылық байланысының бұрыннан қалыптасқан дәстүрі бүгінге дейін үздіксіз жалғасып келе жатқанын баса айтқанымыз жөн.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу