Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының әкімшілігі мен шығармашылық ұжымдары бірлесіп Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы — ортақ үйіміз», «Алматы — таза қала» бастамасын қолдап, сенбілік өткізді. Ғимарат аумағы тазаланып, ағаш діңдерін әктеп, жаяу жүргіншілер жолын сыпырып, көгал шөптерін септі.