Құрметті қазақстандықтар!
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымы баршаңызды 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды!
Тәуелсіздік – халқымыздың ғасырлар бойғы арман-мұратының жүзеге асқан, ел тағдырының ең қастерлі белесі. Бұл күн – ұлттық рухымыздың асқақтаған, азаттығымыздың айқындалған, болашағымыздың берік негізі қаланған тарихи мереке.
Еркін елдің өнері де еркін дамиды. Тәуелсіздік жылдары ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміз жаңа тыныс алып, әлемдік сахналарда қазақ өнерінің айбынын асқақтатуға жол ашты.
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы ел руханиятын байыту, ұлттың асыл мұрасын дәріптеу жолында қызмет етіп келеді. Музыка мен өнер арқылы ел бірлігін нығайтып, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен рухани құндылықтарды сіңіру – біздің басты мұратымыз.
Осы ұлы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге бейбіт өмір мен тұрақты даму тілейміз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, көк байрағымыз мәңгі биік болсын!