ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ

«Өнеріміз саған — Қазақстан!» атты республикалық фестиваль

2023 жылғы 22 қазанда сағат 18.00-де Республика күніне орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында «Өнеріміз саған — Қазақстан!» атты республикалық фестивальге қатысушылармен гала-концерт өтті.

Фестивальдің мақсаты Қазақстанда тұратын этникалық топтар арасында қазақ халқының өнері мен мәдениетін жан-жақты насихаттау, қазақстандық патриотизмді және елдің көпмәдени ерекшеліктерін дамыту, сондай-ақ орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыру болып табылады.

Іс-шараға қазақ ұлттық өнерін меңгерген және домбыра, қобыз, сырнай сияқты қазақ ұлттық аспаптарында ойнайтын барлық этномәдени бірлестіктер, жеке және топтық орындаушылар қатысты. Сондай-ақ би ұжымдары да қатысты.

Фестиваль екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде  қатысушыларға онлайн іріктеу өтті. Екінші кезеңде  — фестивальдің гала-концертіне қатысу. Іс-шара соңында фестиваль қатысушылары сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталды.

Фестивальдің ережесі

Әлеуметтік желіде бөлісу