ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

ХАБАРЛАМА

640x480_9f10028564a46010e8f794e423f10571

«Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК-ны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Кадр жұмысы департаментінен 2025 жылғы 23 мамырда келіп түскен кіріс № 01-01/279 хатына сәйкес ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Президеттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу (әрі қарай мәтін бойынша — Іріктеу) басталатындығы туралы хабарлайды.

Іріктеуге  жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2025 жылдың маусым-қазан айлары аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша резервке үздік 50 кандидат іріктелетін болады.

Резервке қабылданған күннен бастап 3 жыл ішінде резервшілер конкурстық іріктеуден өтпей тікелей түрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін.

Сондай-ақ тіркеу кезінде қатысушар алты салалық бағыттың бірін таңдауы керек:

  1. Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
  2. Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
  3. Сыртқы саясат және инвестициялар;
  4. Экономикалық және қаржылық саясат;
  5. Цифрландыру;
  6. Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.

Қатысуға өтінімді pkrezerv.gov.kz сайтында 1-30 маусым аралығында беруге болады.

Тіркелу барысында сұрақтар туындаған жағдайда кандидат https:pkrezerv.gov.kz сайтындағы Jivo чат немесе +7 700 096 70 74 нөмірі бойынша қолдау қызметіне, сондай-ақ info@pkrezerv.gov.kz электрондық поштасына хат жолдау арқылы жүгіне алады.

Брошюра ПМКР

Әлеуметтік желіде бөлісу