Ал күні кеше композитордың 100 жылдығы дәл осы қаладағы «Геликон-Опера» музыкалық театрында әлемдік деңгейде аталып өтті!
Шараға Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Бақытжан Сағынтаев, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, ҚР-ның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев, сонымен қатар Мәскеу қаласының және Мәскеу облысының басшылығы, бірнеше мемлекет елшілері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Сондай-ақ композитордың қызы Дінзухра Тілендиева және немересі Даяна Тілендиева әкеден дарыған өнерін көпшілікке паш етті.
Кеш барысында Нұрғиса Тілендиевтің шығармалары орындалып, көрермендердің жүрегін тебірентті. Шараны 500-ден аса адам тамашалады.
Шара аясында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың жеке заттарынан көшпелі көрме ұйымдастырылды. Оған қоса Алматы облысы шеберлерінің қолөнер жұмыстары халық назарына ұсынылды.
Құдіретті өнер ешқашан өлмейді! Сондықтан Нұрғиса мұрасы ұрпаққа мол қазына болып, мәңгі жалғаса береді!