ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ
Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

«НАУРЫЗ-ДУМАН»

main

Құрметті достар!

Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының 90 жылдық мерейтойы аясында Көрісу күні – Амал мерекесіне орай, «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, «Наурыз-Думан» атты концерт өткізді.

Кеште Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының камералық құрамы, Мәдениет саласының үздігі Мақпал Қазыбекқызы, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Жанқожа Аяпов жеке дауыста өнер көрсетті. Мерекелік концерт басында Жамбыл атындағы филармония директорының орынбасары Абзал Қуанышұлы алғы сөз сөйлеп, Амал мерекесімен құттықтады. Ақ кимешекті әжелер шашу шашып, өнерпаздарымыз қарттарымызбен көрісті. Орталықтағы қарттарымызға бір сәт болса да мерекелік көңіл-күй сыйлап, ақ батасын алу – бүгінгі жиынның басты мақсаты еді.

Мерекелік іс-шараның соңында «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Қалибек Ақылбеков Жамбыл атындағы филармония ұжымына ыстық ықыласын білдіріп, алғыс хат табыс етті. Үрдіске айналар қайырымдылық концерттері дәстүрлі түрде жалғасын табатын болады.

Әлеуметтік желіде бөлісу