ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Музыка — шекарасыз өнер: ҚР Мемлекеттік коллекциясындағы скрипка грузин сахнасында

WhatsApp Image 2025-11-16 at 19.26.01

Тбилисидегі опера театры сахнасында грузин композиторы Отар Татишвилидің мерейтойлық кешінде ерекше оқиға өтеді — Грузияда алғаш рет Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының солисті, Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі Аида Аюпова өнер көрсетеді.

Аида Аюпова маэстро Татишвилидің шығармаларын ҚР Мемлекеттік коллекциясындағы сирек кездесетін XVIII ғасырдағы Гварнери мектебінің италиялық шебері жасаған скрипкада орындайды. Бұл — айрықша тарихы мен жаны бар аспап.

Бағдарламада — кең тынысты симфониялық туындылар: Violin Concerto, Konzertstück “DEJA VU”, Cello Concerto және Symphony No. 1.

Маэстро Давид Мукерияның жетекшілігімен Тбилиси опера театрының оркестрі мен белгілі солистер тыңдарманға эмоционалдық тереңдік пен виртуоздық шеберлікке толы кеш сыйлайды.

Әлеуметтік желіде бөлісу