ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Көңіл айтамыз

көңіл айту

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ұжымы Жанар Сулейманованың бауыры, «Zerger Ilyas» студиясының негізін қалаушы, Фаберже орденінің иегері Ілияс Сулеймaновтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның жақындары мен туған-туыстарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
Марқұмның топырағы торқа, иманы саламат болсын!

Осыған байланысты, пианист Жанар Сулейманованың 2025 жылы 14 қыркүйек, сағат 18:00-де Н.Тілендиев атындағы Камералық залында өтетін концертінің кейінге шегерілгенін хабарлаймыз!

Әлеуметтік желіде бөлісу