Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының 90 жылдық мерейтойына орай, «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы «Таңбалы тарих пен өнердің тоғысында» атты көшпелі көрме ашылды. Көрменің басты мақсаты – көрермендерді петроглифтер арқылы тасқа қашалған көне өркениет тарихын таныстыру.
Ашылу барысында көрме лентасын мекеме басшылары емес, шараға келген филармония көрермендері салтанатты түрде қиды. Бұл қос тарихи мекеменің келушілеріне деген ыстық ықыласын аңғартты.
Көрме экспозициясы Қазақ хандығының қалыптасу кезеңінде (XV ғасыр) рәсімделген қазақ мәдени кодының ерекшеліктеріне назар аударады. Бұл кезеңдегі ұлттық құндылықтар, оның ішінде домбыра, жетіген сияқты музыкалық аспаптар, айтыс, күй сынды жанрлар және қошқар мүйіз ою-өрнектері айқын сипатқа ие болды.
Көрме экспонаттары филармония ғимаратында бір апта тұрады.