Құрметті достар!
Бүгін – Халықаралық музыка күні. Музыка – адам жанының айнасы. Өмірдің әр кезеңін сырлы да сазды әуенмен ұштастыратын өнер иелері – композиторлар мен орындаушылар ғана емес, өнерді сүйе білетін әрбір жан үшін бұл мереке ерекше күн!
Баршаңызды музыка күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, бейбіт аспанымызда ән мен күй қалықтай берсін!