ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Республика күні: Жамбыл филармониясының солисті Жанар Сүлейманова мемлекеттік марапатқа ие болды

xИзображение WhatsApp 2025-10-29 в 15.52.06_28023747

Құттықтау!

Бүгін Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева бірқатар мәдениет саласы қызметкерлеріне Алматы қаласында салтанатты түрде мемлекеттік марапаттарды табыс етті.

Олардың қатарында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында ширек ғасырдан бері қызмет етіп келе жатқан жеке филармония солисті Жанар Сүлейманова да бар. @suleimanova.zhanar

Филармония ұжымы атынан әріптесімізді ұзақ жылғы еселі еңбегінің жемісіндей болған мәртебелі атағымен шын жүректен құттықтаймыз! Шабытты шығармашылық табыстар, баянды бақыт және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!

Әлеуметтік желіде бөлісу