ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ
Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

«Отырар сазы» оркестрінің әртістері жеңіспен оралды

MyCollages

Құрметті достар, 14-16 сәуір аралығында Қарағанды қаласында күйші Тәттімбет Қазанғапұлының 210 жылдығына орай, халық аспаптарында орындаушылардың IX Республикалық конкурсы өтті. Өнер аламанында еліміздің түкпір-түкпірінен 69 қатысушы бақ сынады. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрінің әртістері Тореханов Ерасыл (қылқобыз) мен Нұртай Әсия (прима-қобыз) өнер көрсетіп, жүлделі І-дәрежелі дипломға ие болды.

Байқау қатысушылары Қарағандылық тыңдарманды өз өнерлерімен тәнті етіп, ерекше атмосфера сыйлады. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс, жаңа ізденістермен өнер жолында жаңа табыстар тілейміз!

Әлеуметтік желіде бөлісу