Құрметті отандастар!
Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алғыс айту күні – тағдырдың жазуымен қазақ жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің қасиетті қазақ топырағы мен қонақжай халқымызға деген шынайы ризашылығының белгісі.
Бүгінде осы бірлік пен өзара құрметтің арқасында біз бейбітшілік пен келісім орнаған қуатты мемлекет құрып отырмыз.
Осынау айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке тілейміз.
Еліміздің бірлігі нығайып, Қазақстанның көк байрағы бейбіт аспан астында мәңгі желбірей берсін!
Мереке құтты болсын!