Халықаралық қатынастар
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған концерт өтті.
Аталмыш іс-шараның мақсаты: екі ел арсындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту және мәдени қарым-қатынасты одан әрі дамыту.
Концертте Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі мен жапон классикалық музыкасының заманауи әлемін бейнелейтін Жапониядан келген жеке орындаушылар – Маюко Катсумура (скрипка) және Казухиро Миямура (гобой) өнер көрсетті.
Бағдарламада Қазақстандық және Жапондық классикалық музыкасының заманауи композиторлары Ғазиза Жұбанова, Хироси Хошин, Хироси Огуридің шығармалары орындалды.
Концертті классикалық музыканың тыңдармандарымен қатар Қазақстандағы Жапонияның елшісі Ямада Дзюн, БҰҰ – ның өкілі Властимил Самек және ҚР сыртқы істер министрлігінің өкілі бірге тамашалады.