ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

ФИЛАРМОНИЯ СОЛИСТІ ЖАНАР СУЛЕЙМАНОВА — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР САХНАСЫНДА

Изображение WhatsApp 2025-06-19 в 11.35.43_2e64c700

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының солисті, пианист Жанар Сулейманова Лондонда өткен «Golden Time Talent — 2025» халықаралық фестиваль-байқауына арнайы шақыртумен барып қайтты. Фестиваль аясында суретшілер, мүсіншілер мен дизайнерлердің көрмесі, музыкалық және хореографиялық байқаулар, сондай-ақ Shaw театры сахнасында концерттік қойылымдар ұйымдастырылды.

Бұл жолы пианист 14 елден жиналған танымал мәдениет қайраткерлерінен құралған қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысып, кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Арнайы шақырылған қонақ ретінде өнер көрсетіп, шетел сахнасында шеберлігін паш етті. Екі күнге созылған бұл халықаралық фестиваль – мәдениет пен шығармашылықтың жарқын көрінісі ретінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздарды біріктірген ерекше оқиға болды. Мәдениет саласындағы белсенді еңбегі мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Жанар Сулейманова Ғаламдық Таланттар Конфедерациясының мүшесі ретінде арнайы марапатқа ие болды.

Әріптесімізге шығармашылық жолында толағай табыс, шалқар шабыт тілейміз!

Әлеуметтік желіде бөлісу