ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Алматыда мәдениет қайраткерлері марапатталды

Previous Next Алматыдағы Достық үйінде еліміздің мәдениет және өнер саласының көрнекті өкілдерін марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті. Шара аясында Қазақстанның белгілі мәдениет қайраткерлеріне Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықпен қатар, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің Құрмет грамоталары табысталды. Марапаттау рәсіміне екі елдің мемлекеттік органдарының өкілдері, шығармашылық ұйымдар басшылары және мәдениет қайраткерлері қатысты. […]

Құттықтаймыз!

Б.БАЙҚАДАМОВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КАПЕЛЛАНЫҢ ХОРМЕЙСТЕРІ, «ШАБЫТ» XVIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАР БАЙҚАУЫ «ХОР ДИРИЖЕРІ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША ЕСІМХАНОВ АЛМАТТЫ 2-ОРЫН ЖҮЛДЕЛІ БОЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ🏆 СІЗГЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАБЫСТАР ЖЕҢІСТЕР ТІЛЕЙМІЗ!!!

90 жылдық белес: Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық филармониясы мерейтойын атап өтті

Previous Next Республика сарайында ұлттық өнеріміздің алтын арқауы Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық филармониясының 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты Гала-концерт өтті. Концерт басталмас бұрын филармония ардагерлері, арнайы шақырылған меймандар, өнер қайраткерлері, мәдениет майталмандары мен кеш көрермендерінің назарына Алматы қаласы музейлер бірлестігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі филармония шежіресі мен Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығына […]

Музыка — шекарасыз өнер: ҚР Мемлекеттік коллекциясындағы скрипка грузин сахнасында

Previous Next Тбилисидегі опера театры сахнасында грузин композиторы Отар Татишвилидің мерейтойлық кешінде ерекше оқиға өтеді — Грузияда алғаш рет Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының солисті, Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі Аида Аюпова өнер көрсетеді. Аида Аюпова маэстро Татишвилидің шығармаларын ҚР Мемлекеттік коллекциясындағы сирек кездесетін XVIII ғасырдағы Гварнери мектебінің италиялық шебері жасаған скрипкада орындайды. Бұл […]

Республика сарайының сахнасында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының 90 жылдық мерейтойына орай барлық өнер ұжымдары қатысатын ауқымды Гала-концерт

Бұл кеш қазақ музыка өнерінің бай мұрасы мен алуан түрлілігін, ұжымдардың жоғары орындаушылық шеберлігін паш ететін нағыз мерекеге айналмақ. Сахна төрінде: • Н.Тілендиев атындағы фольклорлы-этнографиялық академиялық «Отырар сазы» оркестрі • Т.Әбдірашев атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі • ҚР үрмелі аспаптар оркестрі • Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы • Мемлекеттік классикалық гитаристер квинтеті • Ғазиза Жұбанова […]

Н.ТІЛЕНДИЕВ АТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОРЛЫ–ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ «ОТЫРАР САЗЫ» ОРКЕСТРІ төмендегі топтардағы бос орындарға тыңдау жариялайды

* ДОМБЫРА * ҚЫЛ ҚОБЫЗ * БАС ДОМБЫРА * БАЯН * ШЕРТЕР * ВИОЛОНЧЕЛЬ * ҰРМАЛЫ АСПАПТАР * ФЛЕЙТА * ӘНШІ (БАРИТОН) * КОНЦЕРТ ЖҮРГІЗУШІ 🗓️ Тыңдау күні: 03.11.2025 📞 Барлық сұрақтар бойынша: +7 747 228 8373

«Отырар сазы» оркестрі Ұлытауда өнер көрсетті

Previous Next Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі Қазақстанның ұлттық мерекесі – Республика күнінде, Ұлытауға гастрольдік сапармен барып, ұлытау жұртшылығына арнап ерекше концерттік бағдарлама ұсынды. Жезқазған қаласындағы С.Қожамқұлов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында өткен концертте оркестрге ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор Жалғасбек Бегендиков пен Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты Әбілқайырхан Бейсеков дирижерлық етті. […]

Республика күні: Жамбыл филармониясының солисті Жанар Сүлейманова мемлекеттік марапатқа ие болды

Құттықтау! Бүгін Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева бірқатар мәдениет саласы қызметкерлеріне Алматы қаласында салтанатты түрде мемлекеттік марапаттарды табыс етті. Олардың қатарында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында ширек ғасырдан бері қызмет етіп келе жатқан жеке филармония солисті Жанар Сүлейманова да бар. @suleimanova.zhanar Филармония ұжымы атынан әріптесімізді ұзақ жылғы […]