ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Сенат депутаты филармония ұжымымен кездесті

  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, белгілі қоғам қайраткері, журналист Нұртөре Жүсіп Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің және қабылданған заңдардың орындалу барысын қадағалау мақсатында өңірлерге жасаған сапары аясында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясына арнайы келді. Одан кейін ғимаратты, атап айтқанда концерттер өтетін үлкен залды және Нұрғиса Тілендиев атындағы Камералық залға арнайы кірді. Нұртөре Байтелесұлы кездесу […]

Еліміздің кемелдену кезеңі

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» халықаралық газетіне берген сұхбаты Қазақстанның қалыптасу кезеңіндегі жүйелі өзгерістерге деген берік ұстанымының көрінісі. Президент елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуындағы түбегейлі өзгерістерге тоқталып, заңдылық пен әділеттілік принциптерін орнатудың басымдығын айқын көрсетті. Бұл, біз сияқты мәдениет және өнер мекемелері үшін қоғамдағы тұрақтылық пен заң үстемдігінің сақталуы кез келген шығармашылық қызметтің […]

Құттықтаймыз!

  Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымы қазақ өнерінің ақсақалы, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің кавалері Нұрғали Нүсіпжановты бүгінгі туған күнімен шын жүректен құттықтайды! Нұрғали ағамызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы, жақындарына амандық, ал шығармашылық жолына толайым табыс пен рухани қуат тілейміз. Ұлт өнерінің шамшырағы болып, қазақ рухын әлі талай […]

Балаларға базарлық!

  Бүгін  Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен зал фойесінде ұжым қызметкерлерінің балаларына арналған ерекше мерекелік шара өтті. Шарада түрлі кейіпкерлер балаларды «Кибер Жаңа Жыл 2026» атты ертегі әлеміне шақырып, интерактивті бағдарлама ұсынды.  Көңілді шарада айтулы Трансформер Бамблби шоуы көрсетіліп, мерекелік көңіл-күй сыйлаған кейіпкерлермен фотосессия ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қызықты еден үстіндегі сақина (Напольное кольцо) […]

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясына жаңа басшы тағайындалды.

  Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымына филармония директорының міндетін атқарушы болып тағайындалған Нұрғиса Мұратұлы Дәуешовты таныстырды. Нұрғиса Дәуешов Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлегі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының магистры. Түрлі жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінде, Т. Жүргенов атындағы Қазақ […]

Құттықтаймыз!

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақан Жылқышыбайұлы Абдуалиевті Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының директоры лауазымына тағайындалуымен шын жүректен құттықтайды.   Ақан Жылқышыбайұлына жаңа қызметте толайым табыстар, жұмысына жеміс, жаңа бастамаларына сәттілік тілейміз.