НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Құрметті тыңдармандар! Техникалық себептерге байланысты қаңтар айына жоспарланған концерттерге билеттерді сатып алу уақытша тек филармония кассасында жүзеге асырылады. Қаңтар айында бұрын жарияланған концерттерге арналған билеттер сатылымда қала береді. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті қазақстандықтар! Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымы баршаңызды 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды! Тәуелсіздік – халқымыздың ғасырлар бойғы арман-мұратының жүзеге асқан, ел тағдырының ең қастерлі белесі. Бұл күн – ұлттық рухымыздың асқақтаған, азаттығымыздың айқындалған, болашағымыздың берік негізі қаланған тарихи мереке. Еркін елдің өнері де еркін дамиды. Тәуелсіздік жылдары […]
«Үлкен симфониялық кеш» – көрерменді симфония сазына тербеді

Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен залында классикалық өнер мерекесіне айналған «Үлкен симфониялық кеш» өтті. Музыкалық кештің шырайын Франциядан арнайы шақырылған дирижер Кристоф Мангу келтірді. Кеш Тілес Қажығалиевтің «Степная легенда» балетінен алынған сюитамен ашылды. Концертте Қазақстанның халық әртісі, әлемдік сахнада танылған әйгілі пианист Жания Әубәкірованың өнер көрсетуі аталмыш кештің әрін кіргізді . Оның […]
Симфония сазына бөленген кеш

Бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен залында классикалық музыканың көркем өрнегін паш еткен «Брамс/Бетховен» атты әсерлі симфониялық концерт өтті. Концертте Т.Абдрашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі өнер көрсетті. Көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қанат Омаров. Скрипка партиясын «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Динара Базарбаева-Сахаман жоғары шеберлікпен орындап, И. Брамстың ре мажордағы […]