Құрметті ұстаздар қауымы!

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтайды! Адамзатқа білім мен парасат нұрын сыйлайтын Сіздердің еңбектеріңіз — ұлт келешегінің алтын қазығы. Сабыр мен парасат, мейірім мен махаббатты бойына тоғыстырған ұлағатты жандарға шығармашылық шабыт, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз! Әр күніңіз шәкірттеріңіздің жетістігімен, еңбегіңіздің жемісімен нұрлана берсін!