ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Халықаралық музыка күні құтты болсын!

Құрметті достар! Бүгін – Халықаралық музыка күні. Музыка – адам жанының айнасы. Өмірдің әр кезеңін сырлы да сазды әуенмен ұштастыратын өнер иелері – композиторлар мен орындаушылар ғана емес, өнерді сүйе білетін әрбір жан үшін бұл мереке ерекше күн! Баршаңызды музыка күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, бейбіт аспанымызда ән мен күй қалықтай […]

Қарттар күні құтты болсын!

Қадірлі ақсақалдар мен әжелер! Бүгін – өмірлік даналығымен, адал еңбегімен бізге үлгі болған сіздерге алғыс білдіретін күн. Сіздердің бай тәжірибелеріңіз бен салт-дәстүрге деген құрметтеріңіз – біздің қастерлі қазынамыз. Дархан жүректеріңізден бақыт нұры арылмасын! Ұрпақтың құрметіне бөленіп, тағылымды ғұмыр кешіңіздер!