ҰЛТ РУХЫН ТЕРБЕГЕН НҰРҒИСА ӘУЕНДЕРІ

Бүгін Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның «Атамекен» концерт залында Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің Халық қаhарманы, Қазақстанның халық әртісі, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Өз елім» мерейтойлық концерті өтті. Көпшілікке рухани серпіліс сыйлаған кеш – күй абызына деген халық сағынышының ән мен сазға айналған көрінісі еді. Кештің алғашқы сәтінде экран арқылы көрсетілген бейнефильм […]