ФИЛАРМОНИЯ СОЛИСТІ ЖАНАР СУЛЕЙМАНОВА — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР САХНАСЫНДА

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының солисті, пианист Жанар Сулейманова Лондонда өткен «Golden Time Talent — 2025» халықаралық фестиваль-байқауына арнайы шақыртумен барып қайтты. Фестиваль аясында суретшілер, мүсіншілер мен дизайнерлердің көрмесі, музыкалық және хореографиялық байқаулар, сондай-ақ Shaw театры сахнасында концерттік қойылымдар ұйымдастырылды. Бұл жолы пианист 14 елден жиналған танымал мәдениет қайраткерлерінен құралған қазылар алқасының мүшесі ретінде […]
Париждегі мерейтойлық көрме: Нұрғиса Тілендиевке тағзым

Париж қаласында ХХ ғасырдың ұлы композиторларының бірі, дирижер және қазақ музыкасының аңызы — Нұрғиса Тілендиевке арналған мерейтойлық көрме ашылды. Салтанатты шараға елшілер, дипломаттар, ЮНЕСКО өкілдері және париж тұрғындары қатысты. «Шабыт бастауы: Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы» атты көрме композитордың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Экспозицияда Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қорынан алынған шамамен 70 бірегей жәдігер қойылған: қолжазбалар, […]