ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ
Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі

Серікболов Әлібек
әкімгер
1982
құрылған жылы

Оркестрдің дирижері: Көркемдік жетекшісі және бас дирижері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері Қанат Ахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері Александр Беляков, Жанат Әбілқасымов.

Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі өзінің тамаша орындауымен бірқатар қазақстандық композиторларды әлемдік аудиторияға әкелді деуге негіз бар. Қазір Еуропа елдерінің баспаларында қазақстандық авторлардың 30-дан астам партитурасы басылып шықты. Венада, Тайваньда және біздің республикада Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі CD дискілерін шығарды. Оркестрмен бірге өнер көрсеткен Ресейден, Германиядан, АҚШ-тан, Франциядан, Англиядан, Қытайдан, Польшадан, Словениядан, Израильдан келген көптеген көрнекті шетелдік дирижерлер мен музыканттардың жоғары кәсібилігін, шеберлігін, кең репертуарын атап өтті. Оркестр 200-ден астам концерттік бағдарламалар дайындады, оның ішінде «Елдер мен континенттерде», «Маусым қонағы» циклдары, «Айналамыздағы музыка» атты жас тыңдаушыларға арналған абонементтер, Қазақстан композиторларының авторлық концерттері және т.б. бар. Бүгінде оркестрде музыка әлеміне танымал көрнекті музыканттар мен талантты жастар табысты еңбек етуде. Бұл ұжымға өзінің кәсіби деңгейін үнемі арттыруға, орындаушылық шеберліктің биік шыңдарын бағындыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні оркестр музыканттарының жартысынан көбі республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары мен дипломанттары.

Топтың көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қанат Ахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, халықаралық байқаулардың лауреаты, WASBE (Бүкіләлемдік үрмелі аспаптар мен ансамбльдер қауымдастығы), ITA (Халықаралық тромбонисттер қауымдастығы), APBDA мүшесі ( Азия және Тынық мұхиты елдерінің үрмелі оркестр жетекшілерінің қауымдастығы). Ол Ресейде және басқа да ТМД елдерінде, Францияда, Германияда, Швецияда, Норвегияда, АҚШ-та, Испанияда және Тайвань аралында, т.б елдердің шақыруымен дирижер және тромбонда жеке орындаушы ретінде өнер көрсетті.

Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің дирижері Александр Беляков – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мәскеуде өткен әскери дирижерлер байқауының лауреаты, 1992 ж. АПБДА мүшесі (Азия және Тынық мұхитының үрмелі аспаптар оркестрлері жетекшілерінің қауымдастығы), IMMS (Халықаралық әскери музыка қоғамы) мүшесі, елімізде және шетелде әртүрлі үрмелі және эстрадалық-симфониялық оркестрлермен концерттер мен фестивальдерге тұрақты түрде қатысады.

Әлеуметтік желіде бөлісу