АБАЙ күні | Ұлы ақынның туғанына 180 жыл
Құрметті достар,
Бүгін, 10 тамыз — ұлы ақын, ағартушы, ғұлама, ойшыл, жазба әдебиетіміздің негізін қалаушы, халқымыздың маңдайына біткен дара тұлға Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл.
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы дана Абайдың бай мұрасын ұрпақ санасына сіңіру жолындағы мәдени бастамаларда үнемі қолдау білдіре отырып, ұлы ақынның рухани мұрасын ұлықтайтын күнмен шын жүректен құттықтайды!
Абай — тек ақын ғана емес, тұтас бір ұлттың рухани шамшырағы. Оның өлеңдері, қара сөздері, әндері — күллі адамзатқа ортақ қазына.
Айта кетейік, 2020 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Күнтізбеміздегі жаңа мереке биыл бесінші рет атап өтіліп, бүгін елімізде ресми түрде Абай күні тойлануда.
🖊️Ұлы Абайдың сөзі — мәңгілік, ойы — ұрпаққа үлгі, жолы — ұлттың рухани шамшырағы.