Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымы ақпарат кеңістігінде тынымсыз еңбек етіп жүрген журналистер мен медиа саласы мамандарын кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтайды!
Ақпарат саласындағы шығармашылық ізденістеріңіз бен жанкешті еңбектеріңіздің арқасында мәдениет пен өнер кеңінен насихатталып, халық пен руханият арасында алтын көпір орнап келеді.
Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат,
шығармашылықтарыңызға шалқар шабыт, бақ-береке тілейміз!