ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай халықаралық «Әлқисса» онлайн домбыра байқауы

Байқау

Ұлты қазақ шетел азаматтарына арналған

Қатысу мерзімі:

Өтінім қабылдау: 1 ақпан – 20 наурыз 2025ж.

Қазылар алқасының қарауы: 21 – 26 наурыз

Жеңімпаздарды марапаттау: 1 сәуір, Астана қ.

Қатысу шарттары:

Жас санаты: 12-17 жас және 18-25 жас

Н.Тілендиевтің күйлерінің бірін орындап, бейнежазба жолдау

Бейнежазбамен қоса қатысушы өзі туралы қысқаша ақпарат пен шетелдік азамат екенін растайтын төл құжатын жолдайды

Өтінімдер Oqbaiqau@gmail.com немесе +77471783938 (Telegram) арқылы қабылданады.

Бейнежазбаға қойылатын талаптар:

Ұзақтығы 1 минуттан кем емес, 5 минуттан көп емес

Күй басталмас бұрын:

-Амандасу;

-Аты-жөні, жасы және тұратын елі туралы айту;

-Орындайтын күйінің атын айтуы қажет.

Бейне мен дыбыс сапасы жақсы болуы тиіс

Киім үлгісі: қазақша

Қатысушы өз бейнежазбасының әлеуметтік желілерде жариялануына келісім береді

Орындауға болатын күйлер:

«Алтын дән»,  «Ата толғауы», «Аңсау», «Темірбектің төкпесі», «Әлқисса»,  «Баламишка»,  «Аққу», «Көңілді бикеш», «Теріс қақпай», «Арман» және Н. Тілендиевтің нұсқасындағы халық күйі «Ақсақ құлан».

Сыйлықтар:

18-25 жас санаты:

Гран-при: 400 000 теңге, Домбыра, Кітап

1-орын: 250 000 теңге, Домбыра, Кітап

2-орын: 100 000 теңге, Домбыра, Кітап, Шапан

3-орын: Домбыра, Кітап, Тоғызққұмалақ

12-17 жас санаты:

Ноутбук

Планшет

Смартсағат

ҮЗДІК-10 қатысушыға «Жас қазақ» этно лагеріне тегін жолдама

Ұлы күйшінің мұрасын бірге насихаттайық!

Ережелерді жүктеп алу

Әлеуметтік желіде бөлісу