2023 жылғы 22 қазанда сағат 18.00-де Республика күніне орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында «Өнеріміз саған — Қазақстан!» атты республикалық фестивальге қатысушылармен гала-концерт өтті.
Фестивальдің мақсаты Қазақстанда тұратын этникалық топтар арасында қазақ халқының өнері мен мәдениетін жан-жақты насихаттау, қазақстандық патриотизмді және елдің көпмәдени ерекшеліктерін дамыту, сондай-ақ орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыру болып табылады.
Іс-шараға қазақ ұлттық өнерін меңгерген және домбыра, қобыз, сырнай сияқты қазақ ұлттық аспаптарында ойнайтын барлық этномәдени бірлестіктер, жеке және топтық орындаушылар қатысты. Сондай-ақ би ұжымдары да қатысты.
Фестиваль екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде қатысушыларға онлайн іріктеу өтті. Екінші кезеңде — фестивальдің гала-концертіне қатысу. Іс-шара соңында фестиваль қатысушылары сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталды.