ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Ерке Ертіске тарту: Мемлекеттік қарағайлы-үрмелі аспаптар квинтеті Павлодарға гастрольдік сапармен барып қайтты

квинтет
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Мемлекеттік қарағайлы-үрмелі аспаптар квинтеті алғаш рет Ертіс өңіріне табан тіреді. Үш онжылдыққа жуық кәсіби қалыптасу жолы бар, «Open Spain» халықаралық конкурсының Гран-при иегерлері екі күн ішінде Екібастұз, Ақсу және Павлодар қалаларында мазмұнды концерттер мен жоғары деңгейдегі шеберлік сыныптарын өткізді.
Өнер сапары Екібастұз қаласындағы Естай атындағы балалар музыка мектебінен бастау алды. Мұнда ұжым мүшелері жас өнерпаздармен жүздесіп, өздерінің көпжылдық тәжірибелерімен бөлісті. Бұл жай ғана сабақ емес, кәсіби мектеп өкілдері мен жас таланттардың кездесуі шынайы шығармашылық диалогқа айналды. Ұжым жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Жанат Ерманов жастарға бағыт-бағдар беріп, аспапта ойнаудың нәзік тұстары мен сахна мәдениетінің сырларын ашты. Тәлімгерлік шараның соңы ұжымның «Жаңа жыл ертегісі» атты мерекелік концертіне ұласты.
Гастрольдік бағдарлама одан әрі Ақсу қаласында жалғасты. Ұжым шаһардың 65 жылдық мерейтойына тарту ретінде Ференц Фаркаш, Пётр Чайковский және Иоганн Бахтың өлмес туындылары орындалды. Квинтеттің жоғары орындаушылық деңгейіне тәнті болған ұйымдастырушылар Жанат Ерманов бастаған өнерпаздарға ерекше алғыс білдіріп, құрмет көрсетті.
Сапардың қорытынды нүктесі Павлодар музыкалық колледжінде қойылды. Студенттермен өткен кездесу еркін пікір алмасу алаңына айналып, болашақ музыканттар кәсіби мамандардан түрлі кеңестер алды. Осылайша, Мемлекеттік қарағайлы-үрмелі аспаптар квинтетінің Павлодар өңіріне жасаған сапары сәтті аяқталып, ұжым Алматыға мол естелікпен оралды.
Әлеуметтік желіде бөлісу