Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» халықаралық газетіне берген сұхбаты Қазақстанның қалыптасу кезеңіндегі жүйелі өзгерістерге деген берік ұстанымының көрінісі. Президент елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуындағы түбегейлі өзгерістерге тоқталып, заңдылық пен әділеттілік принциптерін орнатудың басымдығын айқын көрсетті. Бұл, біз сияқты мәдениет және өнер мекемелері үшін қоғамдағы тұрақтылық пен заң үстемдігінің сақталуы кез келген шығармашылық қызметтің табысты болуына тікелей әсер ететіндігін көрсетеді. Әділетті қоғам орнатуға бағытталған реформаларға біз толық қолдау білдіреміз, өйткені бұл – жалпыұлттық табыстың негізі.
Сұхбатта көтерілген ең маңызды мәселелердің бірі – экономикалық әртараптандыру және әлеуметтік жауапкершілікті арттыру. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және дамыған мемлекеттердің қатарына қосылу мақсаты – барлық сала мамандарынан жоғары кәсібилік пен жауапкершілікті талап етеді. Біздің филармония ұжымы да осы жаңа талаптарға сай жұмыс істеуге, мәдени қызмет көрсетудің сапасын арттыруға және мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалануға міндетті.
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы ұжымы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді дамытудағы және Қазақстанның жаңару кезеңіндегі бастамаларын жоғары бағалайды. Біз еліміздегі әлеуметтік-саяси тұрақтылықты нығайту және ұлттық мүдделерді қорғау бағытындағы барлық істерге өз тарапымыздан лайықты үлес қосуға дайынбыз.