ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Балаларға базарлық!

балалар

 

Бүгін  Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен зал фойесінде ұжым қызметкерлерінің балаларына арналған ерекше мерекелік шара өтті. Шарада түрлі кейіпкерлер балаларды «Кибер Жаңа Жыл 2026» атты ертегі әлеміне шақырып, интерактивті бағдарлама ұсынды.  Көңілді шарада айтулы Трансформер Бамблби шоуы көрсетіліп, мерекелік көңіл-күй сыйлаған кейіпкерлермен фотосессия ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, қызықты еден үстіндегі сақина (Напольное кольцо) ойыны өткізіліп, көңілді музыкалық сүйемелдеуді аппаратурасы бар диджей қамтамасыз етті. Шара кішкентай қонақтарға естен кетпес ғажайып сәттерді тарту етті.

Әлеуметтік желіде бөлісу