ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясына жаңа басшы тағайындалды.

Processed with VSCO with wwf preset

 

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымына филармония директорының міндетін атқарушы болып тағайындалған Нұрғиса Мұратұлы Дәуешовты таныстырды.

Нұрғиса Дәуешов Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлегі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының магистры.

Түрлі жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінде, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында, «ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі» болып еңбек етті. Бүгінгі күнге дейін ҚР Президенті іс-басқармасына қарасты «Президент орталығында» қызмет атқарған.

Әлеуметтік желіде бөлісу