ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Құрметті өнерсүйер қауым!

жаңа жыл

Сіздерді Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы ұжымы атынан келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

Өтіп бара жатқан жыл біз үшін шығармашылық ізденіске, ауқымды концерттер мен ерекше мәдени шараларға толы болды. Өнер арқылы халқымыздың бай мәдени мұрасын дәріптеп, көрермен жүрегіне жол табу – біздің басты мұратымыз. Осы жолда көрсеткен қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз үшін алғысымыз шексіз.

Жаңа жыл әр шаңыраққа береке мен бірлік, қуаныш пен шаттық сыйласын. Босағамыздан аттағалы тұрған жылқы жылы жаңа бастамаларға жол ашып, армандарыңыздың орындалуына себепкер болсын.

Алдағы жылы да сіздермен бірге өнер биігінде қауыша берейік!

Жаңа жыл құтты, жылымыз нұрлы болсын!

Әлеуметтік желіде бөлісу