Алматы қаласы бойынша Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы “Antikor Volonters” жобасының координаторы, “Adilet zhastar odagy” ұйымының Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы бөлімінің жетекшісі Ерболат Тұрлан және Қаржылық мониторинг агенттігінің қаржылық қауіпсіздік жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Айбек Берікболұлы бүгін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында спикерлер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Заң мен тәртіп» қағидаты шеңберінде елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жайында кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар қоғамда жиі кездесетін қаржылық алаяқтық схемалары, олардың алдын алу жолдары және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мәселелері де көтерілді.