📌Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының ұйымдастыруымен «Қазіргі заман талаптарына бейімделу: концерттік ұйымдардың даму моделі» тақырыбындағы республикалық отырыс өтті.
🖇️Іс-шара барысында республикалық концерттік-гастрольдік картасын бекіту, өңіраралық гастрольдік ынтымақтастық, сала қызметі бойынша қолданыстағы заңнамалардың сақталуы мен орындалуы, сапалы репертуарлық саясат қалыптастыру және концерттік бағдарламалардың шығармашылық деңгейін күшейту мәселелері қаралды. Сонымен қатар концерттік ұйымдардың басшылары менеджмент, стратегиялық жоспарлау мен өңірлердің өзекті мәселелерін талқылап, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.