ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Алматыда мәдениет қайраткерлері марапатталды

Изображение WhatsApp 2025-11-28 в 12.55.29_c2861f61

Алматыдағы Достық үйінде еліміздің мәдениет және өнер саласының көрнекті өкілдерін марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті. Шара аясында Қазақстанның белгілі мәдениет қайраткерлеріне Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықпен қатар, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің Құрмет грамоталары табысталды.

Марапаттау рәсіміне екі елдің мемлекеттік органдарының өкілдері, шығармашылық ұйымдар басшылары және мәдениет қайраткерлері қатысты. Жиын барысында Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлық театр мен кино өнерінің дамуына айрықша үлес қосқан азаматтарға тапсырылды. Аталған беделді сыйлыққа Қазақстанның халық әртістері Досқан Жолжақсынов, Тұңғышбай Жаманқұлов және Нұржұман Ықтымбаев ие болды. Сондай-ақ мәдениет пен әдебиет саласына қосқан еңбегі үшін жазушы Нұрлан Қами мен ТҮРКСОЙ Бас хатшысының кеңесшісі Қайрат Мұқанов марапатталды. Осы қатарда Жамбыл атындағы филармонияның директоры Ақан Абдуалиев те Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері атанды.

Сонымен бірге, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің Құрмет грамоталары Алматы қаласының мәдениет саласына айрықша еңбек сіңірген тұлғаларға табысталды. Бұл марапатқа М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының режиссері Әридаш Оспанбаева, осы театрдың әртісі Әлихан Лепесбаев, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі Гүлжамал Қазақбаева, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Арман Жүдебаев, сондай-ақ Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев ие болды. Филармония солисі Арафат Ысқақов та аталған марапатқа лайық деп танылды.

Марапаттау рәсімінен кейін құрмет иелері Қырғызстанның Тоқтықұл Сатылғанов атындағы Ұлттық филармониясы ұсынған «Жамийла» мюзиклының премьерасын тамашалады.

Әлеуметтік желіде бөлісу