Бұл кеш қазақ музыка өнерінің бай мұрасы мен алуан түрлілігін, ұжымдардың жоғары орындаушылық шеберлігін паш ететін нағыз мерекеге айналмақ. Сахна төрінде:
• Н.Тілендиев атындағы фольклорлы-этнографиялық академиялық «Отырар сазы» оркестрі
• Т.Әбдірашев атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі
• ҚР үрмелі аспаптар оркестрі
• Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы
• Мемлекеттік классикалық гитаристер квинтеті
• Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті
• Мемлекеттік қарағайлы-үрмелі аспаптар квинететі
және белгілі солистер, домбырашылар мен пианистер өнер көрсетеді.
Концерт бағдарламасы ұлттық және әлемдік классикалық музыканың інжу-маржандарын қамтиды. Қазақстанның көрнекті композиторлары Нұрғиса Тілендиевтің, Мұқан Төлебаевтың, Еркеғали Рахмадиевтің, Тілес Қажғалиевтің, Асқар Бестыбаевтың және ұлы әлемдік классиктер Людвиг ван Бетховеннің, Николай Римский-Корсаковтың, Антонио Вивальдидің, Пабло Сарасатенің шығармалары шырқалады.
Көрермендер Н.Тілендиевтің «Махамбет» күйін, «Өз елім», «Құстар әні», «О, туған жер» әндерін, «Аққу» күйін, сондай-ақ Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас» әнін, М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсынан Мерекелік биді және Л.ван Бетховеннің Симфония №9-дан үзіндісін тыңдай алады. Сондай-ақ, домбырашылардың «Баламишка», «Әлқисса» күй тартысы және екі фортепианоға арналған күрделі шығармалар орындалады.