Құттықтау!
Бүгін Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева бірқатар мәдениет саласы қызметкерлеріне Алматы қаласында салтанатты түрде мемлекеттік марапаттарды табыс етті.
Олардың қатарында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында ширек ғасырдан бері қызмет етіп келе жатқан жеке филармония солисті Жанар Сүлейманова да бар. @suleimanova.zhanar
Филармония ұжымы атынан әріптесімізді ұзақ жылғы еселі еңбегінің жемісіндей болған мәртебелі атағымен шын жүректен құттықтаймыз! Шабытты шығармашылық табыстар, баянды бақыт және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!