ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

ХАБАРЛАНДЫРУ

БИЛЕТ ҚАЗ

90-маусымда билет бағасы қымбаттайды!

Құрметті оқырман,
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы өз көрермендерін 90-шы концерттік маусымының бағдарламаларымен қуантады.
Осы орайда, 2025 жылдың қазан айынан бастап, филармония концерттеріне арналған билеттер мен абонементтердің бағасының өзгеретінін (қымбаттайтынын) хабарлаймыз!
Филармония билет бағаларының қымбаттау себептері:
— Концерттердің көркемдік деңгейін арттыру;
— Әртістердің шығармашылық дамуы мен өнер сапарларға шығуына қолдау көрсету;
— Әртістердің сахналық костюмдері мен техникалық жабдықтауға кететін шығындардың ұлғаюы;

•Біздің мақсат — сіздерге әлемдік классика мен қазақ музыкасын сапалы, кәсіби деңгейде тарту ету. Осы жолда әр бастамада бізге білдірген қолдауларыңыз үшін алғыс білдіреміз😍

Құрметпен,
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы

Әлеуметтік желіде бөлісу