ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ФИЛАРМОНИЯСЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі

Қанат Уважанов Стальевичч
администратор
1982
құрылған жылы

Оркестрдің дирижері: Қанат Ахметов (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің кавалері), Александр Беляков Викторович( Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері), Жанат Әбілқасымов.

Өзінің тамаша орындаушылық шеберлігімен Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі қазақ композиторларының біршама туындыларын әлемдік тыңдармандар назарына іліктірді деп айтуға толық негіз бар. Бүгін 30 – ға тарта отандық композитор партитуралары Европа елдерінің баспаларында жарық көрді. Сонымен қатар, Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің коспакт-дискілері Вена мен Тайваньда, біздің елде шығарылды. Ресей, Германия, АҚШ, Франция, Англия, Қытай елдерінің үрмелі оркестрмен өнер көрсеткен белгілі дирижерлары мен музыканттары оның биік кәсібилігін, мінсіз таза интонациясын және аспаптардық виртуоздық түрде меңгерілгенін, барлық топтардық жарасымдық үндестігін, дыбыс тембрінің байлығын, репертуарының кеңдігін атайды. Оркестр 200 –ден астам концерттік бағдармаларды дайындап, олардың ішінде «Елдер мен континенттерді аралағанда», «Маусым қонағы», жастарға арналған «Айналамыздағы музыка», Қазақстан композиторларының авторлық концерттері және т.б. тыңдарман назарына ұсынды. Бүгін оркестрде музыка әлеміне кеңінен таныс бнлгілі музыканттар мен талантты жастар жұмыс істейді. Бұл жағдай ұжымға өзінің кәсібилігін үнемі көтеріп отыруға, сол арқылы орындаушылық шеберлік биігінен көрінуге мүмкіндік береді. Оркестр музыканттарының жартысынан көбі – республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары, дипломанттары. Ұжымның көркемдік жетекшісі және бас дирижеры Қанат Ахметов – қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, халықаралық конкурстардың лауреаты , WASBE (Дүниежүзілік үрмелі оркестрлер мен ансамбльдер қауымдастығы), IТА (Тромбонисттердің Халықаралық ассоцациясы) , APBDA-ның (Азия және Тынық мұхит елдерінің үрмелі аспаптар жетекшілерінің ассоцациясы) мүшесі Ресей мен ТМД-ның басқа да елдерінде, Францияда, Германияда, Швецияда, Норвегияда, АҚШ-та, Испанияда, Тайвань аралында тромбоншы-солист ретінде өнер көрсетті.

Әлеуметтік желіде бөлісу