ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ ㅤ

ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ Назар аударыңыз! Құрметті тыңдарман, қонақтарға кедергі келтірмес үшін, филармония есіктері концерт басталғаннан соң, 25 минуттан кейін жабылады. Жас шектеуі: 6+ (өздеріңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі сұралады)

Жамбыл атындағы филармонияда комплаенс тақырыбында маңызды кездесу өтті

image-12-06-26-10-53
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында ұжымның құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кезекті комплаенс-кездесу ұйымдастырылды.
 
Шара барысында мекемедегі ашықтық, академиялық адалдық және заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.
 
Кездесу спикерлері:
Әнуар Әскербек Әбдірахманұлы – «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ комплаенс-офицері;
 
Абзал Қуанышұлы – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы директорының орынбасары.
 
Спикерлер өз сөзінде ұйым ішіндегі тәуекелдерді дер кезінде анықтау, заңнамалық талаптарды қатаң сақтау және корпоративтік этиканы қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Әнуар Әскербек Әбдірахманұлы комплаенс қызметінің басты міндеттері мен оны іс жүзінде қолдану ерекшеліктері туралы тәжірибесімен бөліссе, Абзал Қуанышұлы филармония ұжымы үшін мұндай іс-шаралардың маңыздылығын және мәдениет ошағындағы ашықтық пен тазалық басты құндылық екенін атап өтті.
 
Кездесу соңында филармония қызметкерлері өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, құқықтық салаға қатысты тұшымды жауаптар алды. Мекеме басшылығы алдағы уақытта да комплаенс саясатын жүйелі түрде жүзеге асыра бермек.
Previous
Next
Әлеуметтік желіде бөлісу
 Версия сайта для слабовидящих